Текст
16.03.2026
Туберкулезбен күресудің дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында мектепте осы аурудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың хабардарлығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мақсатында туберкулездің белгілері, аурудың жұғу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Жүргізілген жұмыс оқушылардың аурудың алдын алудың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейтуге және денсаулықты сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.