25.12.2025
Мектеп педагогтері TopIQ.kz платформасын жаңа тақырыптарды түсіндіру және оқу материалын бекіту барысында қолданады. Сабақтарда иллюстрациялар, кестелер, графиктер, мәтіндер, бейнематериалдар, кроссвордтар және интерактивті тапсырмалар пайдаланылады. Бұл формат оқу материалының көрнекілігін арттырып, оқушылардың уәжін және сабаққа қызығушылығын күшейтеді.
Платформа келесі мақсаттарда белсенді қолданылады:
жаңа тақырыптарды түсіндіру;
оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
ағымдағы және қалыптастырушы бағалауды жүргізу;
жедел кері байланыс алу.
Жартыжылдық барысында платформа орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, информатика, тарих, математика, химия пәндерінде, сондай-ақ бастауыш сыныптарда табысты кіріктірілді. Педагогтер тақырыптық тесттерді, интерактивті тапсырмаларды және цифрлық жаттығуларды пайдаланып, білімдегі олқылықтарды уақытында анықтап, оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік алды.
TopIQ.kz платформасын қолдану:
оқу материалын меңгеру сапасын арттыруға;
білімді объективті және жедел бақылауды қамтамасыз етуге;
оқушылардың дербестігі мен цифрлық құзыреттерін дамытуға;
оқу уәжі мен пәндерге қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Оқушылар мен педагогтер оқу материалының меңгерілу деңгейін бақылап, әрі қарайғы оқу жұмысын жоспарлау мүмкіндігіне ие болды, бұл білім беру үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттырды.
I жартыжылдықта TopIQ.kz платформасындағы жұмыс жүйелі және нәтижелі сипатта болды. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқу үдерісін жаңғыртуға, оқытудың заманауи формаларын енгізуге және мектептің цифрлық білім беру ортасын дамытуға ықпал етеді.
Аталған бағыттағы жұмыс II жартыжылдықта да жалғастырылып, кеңейтілетін болады.