«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Алексеевка кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 поселка  Алексеевка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Соц.Сети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 2 педагогикалық кеңес

12.11.2025

Мектебімізде «Оқушылардың оқу іс-әрекетіне мотивациясын қалыптастыру және дамыту» тақырыбына арналған педагогикалық кеңес өтті. Бұл — білім сапасын арттыру мен заманауи талаптарға сай оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған маңызды басқосу болды.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1️⃣ №1 педагогикалық кеңестің шешімдері мен ұсынымдарының орындалу барысына талдау. 
2️⃣ I тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын сараптау.
3️⃣ 1-сынып және 5-сынып оқушыларының бейімделу үдерісіндегі өзекті мәселелер.
4️⃣ Оқытуға заманауи цифрлық технологияларды енгізу және жаңа білім беру құралдарын тиімді пайдалану.
5️⃣ ЦППР (психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы) жұмысы және оның оқушыларды қолдаудағы рөлі.
6️⃣ «Адал азамат» бағдарламасын негізгі құндылықтар арқылы жүзеге асыру:
• Тәуелсіздік пен патриотизм
• Еңбексүйгіштік пен кәсібилік

Кеңес барысында мұғалімдер тәжірибе алмасып, оқушылардың оқу мотивациясын арттырудың тиімді тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытында алдағы уақытқа нақты міндеттер айқындалды.

 

https://www.instagram.com/p/DQ57uaDCMXc/?igsh=ancxbWh6NmNueTFp 

Просмотров: 121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст